BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Келер жылы Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің барлығына камера орнатылады

Фото: pavon.kz

Ақтөбеде ұрлық пен тонаудың алдын алу үшін көпқабатты үйлердің барлығына бейнекамера орнатылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі aktobenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласы бойынша 970 көпқабатты үйдің ауласы болса, оның 251-інде бейнекамера орнатылған. Келер жылы барлық үйлердің кіреберісіне камера қойылады. Сонымен қатар, Ақжар, Қызылдар, Заречный секілді шағын ауылдарда көршілердің бақылауы нығайтылады. Әлеуметтік желіде 7 чат ашылып, 5 мыңнан астам азамат тіркелген. Халық қызығушылығы артып, ақсақалдар кеңесі жұмыс істей бастады.

«Қазіргі кезде ет өнімдерін сататын базарларда рейд жүргізіліп жатыр. Рейд кезінде 37 көлік тексеріліп, құжатсыз келген ет анықталмады. Қала аймағында екі айыппұл тұрағы, сондай-ақ ет өнімдерін сақтауға арналған орын бар. Биыл тиісті құжаттары жоқ ет өнімдерін сақтау туралы келісім «Айбек» кооперативімен жасалды. Егер мал иесі болмаса, оны қамап қояды», - деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы 110 автобуста бейнекамера бар. Бұл автобустардың 33 пайызын құрап отыр. Алдағы уақытта қоғамдық көліктің бәрінде камера болады. Ал ломбардтарда арнайы бейнекамера қондырылып, алтын бұйым тапсырушылардың жеке куәлігі сұралатын болды. Осы бағыттағы жұмыс нәтижесінде 2 адамға қатысты қылмыс тіркелді. Түрлі түсті металл қабылдау орындарында электр сымын ұрлау береді тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.

«Қоғам және қауіпсіздік» дөңгелек үстелі кезінде үш меморандумға қол қойылды. Меморандумдар аясында көрші бақылауы күшейіп, қауіпсіздік шарасы нығаяды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер