BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қазақстан мен Ресей бірлесіп «Үлкен Алтай» жобасын қолға алады

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Петропавл қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы 15-ші өңіралалық ынтымақтастық форумында Қазақстан мен Ресей бірлескен «Үлкен Алтай» жобасын қолға алынуы мүмкін екені айтылды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Бұл жөнінде Петропавл қаласында өтіп жатқан екі елдің өңіраралық ынтымақтастық форумының баспасөз мәслихатында «Қазақтуризм» ұлттық компаниясы АҚ төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенбаев хабарлады.

«Алтай – өркениеттің алтын бесігі. Көптеген халық дәл осы Алтайдан шыққаны тарихи дәлелденген. Сондықтан «Үлкен Алтай» бірлескен жобасын қолға алуымыз өте орынды деп есептеймін. Бұл жоба Алтайды мекен еткен халықтардың арасындағы мәдени байланыстарды жандандыруға көмектесуі тиіс», - деді ол.

Бүгінде Алтай таулары төрт елдің, атап айтқанда, Қазақстан, Қытай, Моңғолия мен Ресейдің аумағында жатыр. Жаңа жоба бойынша болашақта туристтер осы елдердің әрқайсысына сапарлап, Алтай аумағындағы халықтардың тұрмысымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен және тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алмақ.

«Ресей тарапы осыған ұқсас жобалар жүзеге асыруды бастап кеткен. Біз болсақ, «Алтай – өркениет бесігі» атты этнофестивальдің концепциясын әзірледік. Келер жылы аталмыш этнофестивальдің біріншісін өткіземіз деген жоспар бар. Бұл айтулы шара болатыны сөзсіз», – дейді Т.Дүйсенбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Қараша 2018, 02:49
МЕН ӨМІРГЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІМ?
17 Қараша 2018, 12:07
"Мен – студентпін"
Пікірлер