BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қарағандыдағы көмір шахтасынан шыққан өрттің алдын ала себебі айтылды

Фото: Хабар 24

Жағдай бақылауда және үнемі қадағаланады. Апат орнынан алынған сынамалардың нәтижесі жарылу қаупі жоқ екендігін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта от тұтану көзін оқшаулау жұмыстары жалғасуда. Компанияның тиісті қызметтері мен Қарағанды кәсіби-әскери құтқару қызметі ​​филиалының қызметкерлері төтенше жағдайда қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша уақтылы шаралар қабылдады. Одан әрі мониторинг пен жағдайды талдау негізінде одан әрі іс-қимылдар туралы шешім қабылданады. Өрт шығудың алдын ала себебі – табиғи құбылыс. Өрт сөндіру ошақтарын жою бойынша барлық жұмыстар қауіпсіз жұмыс режимінде және жұмысқа тартылған адамдардың өміріне қауіп төндірмей жүргізіледі», - делінген баспасөз мәліметінде.

Облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша, шахта қызметкерлерін жұмысқа орналастыру мәселесі бақылауға алынды. Шахта қызметкерлерінің кейбірі уақытша басқа кеніштерге жіберілетін болады, ал қалған қызметкерлер Қарағанды кәсіби-әскери құтқару филиалының қызметкерлерімен бірлесіп апаттық жағдайды жоюға және шахта жұмысын ретке келтіруге көмектесетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер