BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қарағандыда шұғыл байланыс терминалдары орнатылды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қаланың халық көп жүретін жерлеріне алқызыл түсті терминалдар орнатылған. «Азамат-Полиция» аталатын терминал арқылы тұрғындар шұғыл көмек көрсету қызметіне хабарласа алады. Терминалдар әзірге қаланың бес жерінде бар.

Тұрғындардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде, не болмаса адамдардың жеке басына және мүлкіне қатысты құқықбұзушылықтар орын алған уақытта терминалдың көмегіне жүгінуге болады. Ол үшін «Шақыру» батырмасын басу жеткілікті.

Қарағандының адам көп шоғырланған вокзал, қалалық әкімдік, облыстық мешіт, орталық саябақ пен «Мәңгілік алау» алаңдарына орнатылған терминалдарды «Перспектива» ғылыми-өндірістік бірлестігі ойлап тапқан.

«Шұғыл байланыс терминалды қалаға керек. Осы арқылы тұрғындар төтенше жағдай кезінде жедел желі қызметімен байланыса алады. Шетелде мұндай құрылғылар әрбір аялдамада орнатылады. Терминалдар жыл басынан бері тестілеуден өткізілді. Осы уақыт аралығында мамандар оның жұмысын бақылып, қажет болса өзгерістер енгізіп, жетілдірді», - дейді «Перспектива» ҒӨБ-нің техникалық директоры Максим Ким.

Аталған компания Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасымен, жедел басқару орталығымен, қалалық әкімдікпен, мониторинг орталығымен, облыстық полиция департаментімен бірлесе жұмыс істейді.

«Терминал бейнекамерамен жабдықталған, «Шұғыл көмек» батырмасын басқан уақытта бейнекамера іске қосылады. Кескіндеме «Перспектива» ЖШС-нің диспетчерлік бөліміне түседі. Кезекші бөлімдегілер жағдайға байланысты шақыртуды 101, 102, 103 жедел көмек көрсету қызметіне бағыттайтын болады», - дейді М.Ким.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер