BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Қарағандыда Халықаралық ядроға қарсы жастар онлайн-форумы өтеді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Қарағандыда 8 қарашада ядролық қауіпсіздік және осы салада жаһандық бастамаларды дамыту мәселелері талқыланады. «Жастар әлеміне эстафета» атты халықаралық ядроға қарсы жастар онлайн-форумы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің алаңында өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Оқиға «Невада-Семей» ядроға қарсы халықаралық қозғалыстың 30 жылдық мерейтойына орайластырып отыр. Форумға қозғалыс көшбасшысы, танымал қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов келеді. Шараға тәуелсіз Қазақстанның бірінші сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов, АТОМ жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіков қатысады.

Онлайн режимде форум жұмысына Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Халықаралық жастар альянсының ядроға қарсы қарсы қозғалыстарының белсенділері қосылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жастарға үндеу қабылданады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер