BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Қарағанды тұрғынын сабады деп айыпталған полицейлер жұмыстан қуылды

Фото: интернеттен

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті үш полиция қызметкерін жұмыстан шығарды. Олардың екеуі төбелеске қатысқаны үшін, енді біреуі жәбірленуші жақтың шағымын уақтылы қарамағандығы үшін қызметінен қуылды, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Еске салайық, Қарағанды облысы Осакаров ауданы, Молодежный елді мекенінің 22 жастағы тұрғыны құқық қорғау органының қызметкерлері ұрды деп арызданып, полицияға шағым түсірген. Арызды учаскелік полиция қызметкері дұрыстап қарамай, іс сиырқұйымшалықталып бара жатқандықтан жәбірленуші жігіттің отбасы оқиғаның жай-жапсарын әлеуметтік желіге жүктеп, xалықтан көмек сұраған болатын.

Қоғамда резонанс тудырған жарияланымнан кейін облыстық ІІД-нің қызметкерлері істі өз қарауларына алып, «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сонымен, жәбірленуші Николай Смирновты ұрды деп айып тағылған тәртіп сақшылары мен олардың үстінен түсірілген арызға байланысты уақтылы шара қолданбаған учаскелік полицей жұмыстан босатылды.

«Қызметтік тексерістің нәтижесі бойынша тергеуші мен жол-патрулдік инспекторы жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, Жастар елді мекенінің учаскелік инспекторы да атқаратын қызметінен босатылды», - деп xабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Ол ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қарауында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер