BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Қарағанды облысының бес ауылында бруцеллез індеті дендеп тұр

Фото: agupdate.com

Жаңаарқа ауданының өзінде ғана ауруға шалыққан сиыр саны 250-ге жеткен. Ауыл тұрғындары малды бауыздаудың орнына вакцинация жасауды талап етуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындары аз мөлшердегі өтемақы үшін ызаланады, тіпті ауруға шалдыққан малмен қатар сау сиырдың да өлтіріліп жатқанына күдіктенетіндері бар. Айжан Санатова асырап отырған бес сиырдың үшеуін алып кеткен. Ол бөлінген өтемақыға бір сиыр да сатып ала алмайтынын айтты.

«Сиырларымды алып кетті, үшеуі де буаз болған. Мен сиырды бірінші жыл бағып отырған жоқпын, олардың ауру екенін байқамадым. Ветеринарлар келіп, құжаттарын бұлғаңдатады. Былтырғы сараптама бойынша бруцеллез анықталғанын айтады. Бұл қаншалықты дұрыс?» - дейді ол.

Былтыр бруцеллез салдарынан 187 бас сиыр бауыздалып, олардың еті жақын жердегі ет комбинатына өткізілген. Оны дұрыс өңдеген жағдайда тағам ретінде қолдана беруге болады.

Соңғы бірнеше жылда бұл вирус ірі қара малдарды қырып жатыр. Бірақ соңғы үш жылда ауруға шалдыққан мал саны тым көп. Жергілікті шенеуніктер санитарлық жұмыстар мен сынамалар барлық ережеге сай жүргізілетінін айтады. Өтемақы да ұсынылатын бағамен төленеді.

«Ветеринарлық ереже бойынша, бруцеллез емделмейді, сондықтан сиырларды бауыздауға тура келеді. Заң бойынша малдың ауырғанын жасырғандар жазаланады. Егер оларды жасырып қалса, ол ауруын табынға жұқтырады», - дейді ауыл әкімі Түгіскен Өмірғали.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер