BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қарағанды облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша кеңесшілер пайда болады

Фото: yaware.ru

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік желісі бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар пулы жаңартылды. Бүгінгі таңда оның құрамына 12 салалар мен бағыттар бойынша 68 жобалар кіреді. Өзара қарым-қатынаста қиындықтар туындағандықтан МЖӘ бойынша кеңесшілерге қажеттілік туындады.

Ол жайлы аппараттық жиналыста Экономика басқармасының жетекшісі Ораз Тәуірбеков мәлімдеді.

Денсаулық сақтау саласында екі жоба қосылды: бірыңғай тамақтандыру комбинатын құру және эндоскопиялық жабдықтарға қызмет көрсету.

МЖӘ бойынша Қарағандыда «ақылды қала» саласында жоба жоспарланған: бірыңғай үйлестіру орталығын ұйымдастыру. Бизнестің қатысуымен «Шахтёр» стадионының футбол алаңы жаңартылуы мүмкін. Теміртауда өзара тиімді негізде кәсіпкерлерге көшелердегі жарықтандыруды жаңғыртуға қаражат салу ұсынылды.

2017-ші жылы облыста салалық басқармалар жалпы сомасы 7,3 млрд теңгені құраған 21МЖӘ келісімшарттары жасалды. Олар жекеменшік балабақшалар қызметі мен мемлекеттік медициналық ұйымдарда ақысыз ғимаратты жалға беру мәселелеріне қатысты болды.

Биылғы жылы 2,4 млрд теңге сомасына 11 келісімшарт жасалды. Олардың қатарында: облысымыздың қалаларында оңалту және гемодиализдік орталықтар, облыс орталығында және аудандарда балабақшалардың ашылуы бар.

«Жүзеге асырылған жобалар мемлекеттік міндеттемелер мен кеңестік сүйемелдеуді қажет еткен жоқ. Қазіргі таңда біз анағұрлым тереңірек өңдеуді және байқау құжаттарын, келісімшарт жобаларын және т.б. дайындау саласында кеңестік сүйемелдеуді қажет ететін жобаларға келдік», - дейді Ораз Тәуірбеков.

Ол 300 орынға арналған облыстық көпсалалы аурухананың құрылысы, сомасы 17 млрд теңгені құрайтын цифрлық медициналық жабдықты орнату секілді ауқымды жобалар.

Қазір кеңесшілердің қызметін өтеу мәселесі шешіліп жатыр. Анағұрлым түбегейлі өңдеу үшін облыста жекеменшік әріптестікті анықтауға арналған комиссия құрылуда.

Алдағы уақытта 24 млрд теңгеге 18 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде бесеуі облыстық мәслихаттың кезекті отырысында депутаттардың талқылауына ұсынылатын болады.

Тағы үш жоба бойынша бизнес-жоспарлардың сараптамасы жүргізіліп жатыр.

МЖІ келісімшарттарын орнату бойынша Қарағанды облысы республика арасында 5-орында тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер