BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қарағанды облысында медицина мамандарына 240 қызметтік пәтер берілді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысында үш жылда медицина мамандарына 240-тан астам қызметтік пәтерлер беріледі. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Біз Қарағанды облысында медициналық кадрлардың тапшылығы бар екенін бірнеше мәрте айтқан болатынбыз. Жағдай Қазақстанның басқа аймақтарындағыдай керемет өзекті емес, бірақ ол проблема жоқ деп айтуға да болмайды. Жас мамандарды жұмылдырудағы басты ұсынысымыз – олады баспанамен қамтамасыз ету болмақ», - деп түсіндірді Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Оның айтуынша, биылғы жылы пәтер кілттерін Балқаш пен Саран қалаларының жас дәрігерлері алған.

«Қазір біз Шахтинскіде 32 пәтерді жөндеп жатырмыз. 2019 жылдың наурызында оларды қолданысқа береміз. Шахтинскіге көшіп барып, сол жерде жұмыс істейтін 32 жас дәрігерлермен келісімшарттар жасалды. Сондай-ақ келесі жылы біз Абайда 13 пәтерді жөндей бастаймыз. Осындай жобалар Теміртауда да жүзеге асырылып жатыр. Жәйрем кентінде Қаражал қаласының әкімдігі бізге 16 пәтерді береді. Қарқаралыда балансымызға жатақхананы аламыз, оны қайта қалыпқа келтіреміз деп жоспарлап отырмыз», - деді Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі.

Оның айтуынша, Қарқаралы ауданында 30-дан астам жас мамандар қызметтік пәтерлермен қамтамасыз етіледі. Ол медициналық кадрлар тапшылығын толығымен шешуге мүмкіндік береді. Осы секілді жоба Қарағандыда да жүзеге асырылуда.

«Жалпы есептегенде келесі екі жыл аралығында біз жас мамандар үшін 240 пәтер бөлуді көздеп отырмыз», - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер