BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қарағанды облысында қалалар маңында жасыл аумақтар құрылады

Фото: pmvd.info

Қарағанды облысында қалалар мен аудан орталықтарын жасыл аумақтармен қоршау жоспарланып отыр. Бекітілген МЕСТ-ке сай, ол үшін жалпы есептегенде 9982 гектар жерге ағаштар отырғызу керек болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасыл аумақтарды құру жоспары туралы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды жоспарлау басқармасының жетекшісі Руслан Түлепбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қарағанды мен Темрітау маңында ағаштар отырғызу жұмыс жобасын құру барысында жалпы ауданы 1632,7 гектар жер телімдері ұсынылған.

Сондай-ақ Руслан Түлепбаев облыс аумағында мемлекеттік орман қорында ескерілмеген ормандар бар екенін мәлімдеді. Ол бұрындары совхоздар мен колхоздарға тиесілі болған өзен бойларындағы алқаптық ормандар, орман мен жайылымдар шекарасындағы шағын орманшықтар және алқаптарды қорғайтын орман жолақтары. Оларды есептеу және тіркеу мәліметтерді өзектендіруге және келешекте бұл аумақтарды облыстың орман қорына енгізуге мүмкіндік береді

«Қала және аудан әкімдіктеріне қала және аудан орталықтарының маңайында жасыл аумақ құруға жер бөлу мүмкіндігін қарастыру қажет», - деді Руслан Түлепбаев.

Ол сонымен қатар облыс әкімінен 2019-2021 жылдарға мемлекеттік орман қорғауды қамтамасыз етуге және орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға кезең-кезеңмен қаражат бөлу үшін бюджет құрастыру кезінде қолдау көрсетуді сұрады.

Ерлан Қошанов бұл мәселені маңызды деп тауып, бұл сұрақты Қаржы және экономика басқармасы мен Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынмен біріге отырып талқылауды тапсырды.

«Біз барынша қолдау көрсетуге тырысамыз», - деді облыс әкімі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер