BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Қарағанды облысында деструктивті діни ағымды насихаттаған 5 адам сотталды

Қарағанды облысында деструктивті діни ағымды насихаттаған 5 адам сотталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері Қарағанды облысының ішкі істер органдары қызметкерлерімен деструктивті діни ағымдарын насихаттап, оны таратқаны үшін 5 адам ұсталып, сотталды.

«Осы жылдың 2 ақпанында жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлерімен қаланың 39 жастағы азаматы ұсталып, оның ұялы телефонынан мобильді қосымшалар арқылы жат ағымдағы діни сайттарды насихаттағаны анықталған. 2017 жылдың 2 мамырында 39 жастағы күдікті дүние-мүлкін тәркілеу арқылы 6 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мұндай деструктивті діни ағымдарын насихаттаған бір азамат шілде айында ұсталған.

«Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстап, оның интернеттегі әлеуметтік желілердің бірі арқылы экстремистік көзқарастағы ақпараттарды таратқаны дәлелденді. 21 қыркүйек күні күдікті азамат 4 жыл 8 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды», - дейді ІІД өкілдері.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҚК 256 бабына сәйкес, «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілері пайдаланыла отырып жасалған іс-әрекеттер мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады».

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер