BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қарағанды облысы Еңбек инспекциясы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының жаңа басшысы болып Қанат Балсариев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Балсариев Қанат Шарапбекұлы 1976-шы жылы 24 тамызда Өзбек КСР Бұқар облысында дүниеге келген. 1998-ші жылы Қазақ құқықтану және және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993-ші жылы Өзбекстан Республикасының Науаи облысының Тамдын ауданының №6 орта мектебінде зертханашы ретінде бастаған.

1996-дан 1997-ші жылға дейін Приозерск қаласында БТКҚК 11 тергеуші болып жұмыс істеген.

2003-ші жылдан 2010-шы жылға дейін Теміртау Ішкі істер басқармасында қызмет атқарған.

2011-ші жылы мемлекеттік қызметке, «Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі Комитеттің бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаменті» ММ орналасқан.

2013-ші жылы Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасына жетекші маман қызметіне орналасты, 2014-ші жылы бөлім бастығы болып тағайындалды.

2015-ші жылдан 2016-шы жылға дейін Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды, 2016-шы жылдан бастап қазіргі тағайындалуға дейін жетекші міндетін атқарды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер