BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Қарағанды облысы Абай қаласының әкімі ауысты

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов активпен кездесу барысында жаңадан сайланған Абай қаласының әкімін таныстырды. Бұл қызметке Медеу Ахметов тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ахметов сайлауда 71%-дан астам дауыс жинады. Оның екі қарсыласы болды.

Медеу Арынұлы Ахметов 1964-ші жылы 28-ші тамызда Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Қарағанды педагогикалық институтын «Дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша және Алматы экономика және статистика академиясын «Экономист, қызметкерлерді басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1981-ші жылы Егіндібұлақ ауданының Қазақстанның 40 жылдығы атындағы совхозында механизатор ретінде бастаған.

Әскер қатарында қызмет етіп келген соң Егіндібұлақ ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2001-2007 жылдарда Егіндібұлақ ауылының әкімі, сонан соң – Қарқаралы ауданының әкімі аппаратының жетекшісі болған. Кейінірек «Агро-Консалтинг» АҚ, «Арқа» Басқару инвестициялық компаниясы» АҚ басшылық қызметтерде болған. 2017-ші жылдан бері «Сарыарқа» ӘКК» ҰК АҚ тұрақтандыру қоры бойынша және павильондармен жұмыс істеу бойынша әкімші қызметін атқарған.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өзінің бағдарламасында жаңадан сайланған әкім Абайдың инфрақұрылымын жақсартуға, қаланы анағұрлым көгалдандырып, тазартуға, жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін әрекет етуге уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына сәйкес 4-ші мамырда төрт аймақтың әкімдерін сайлау өтті: Жезқазған, Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Ұлытау аудандарының. Орны босаған аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кенттер мен ауылдардың әкімдері сайланды.

Облыстық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, барлығы 16 ауылдық округ, ауыл және кенттер бойынша әкім лауазымына 48 үміткер шықты. Барлық үміткерлер жергілікті қоғамдастықтармен құпталған. Жанама сайлау құқығы негізіндегі әкімдерді сайлау құпия дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Сайлаушылар жергілікті мәслихат депутаттары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер