Қарағанды мен Теміртаудағы балалар өлімінің себебі белгілі болды - Аймақ|27 Қаңтар 2018, 11:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қарағанды мен Теміртаудағы балалар өлімінің себебі белгілі болды

Қарағанды мен Теміртау ауруханаларында көз жұмған екі балаға дәрігерлер немқұрайлы қараған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен 3 жасар қызды мүлде басқа дәрігер қараған. Екі бала да тұмаумен ауырған екен. Алайда ауруханаға ауыр халде түскен бүлдіршіндерге дер кезінде көмек көрсетілмеген.

Екі апта бойы қызметтік тексеріс жүргізген арнайы комиссия осындай шешім шығарды. Комиссия мүшелері екі ауруханадағы медициналық қызметкерлердің кәсіптік міндеттерін қажетті деңгейде көрсетпегенін дәлелдеп берді. Тексеру материалдары Қарағанды облыстық ішкі істер департаментіне, прокуратураға және тиісті мемлекеттік органдарға жолданды. Қазір қылмыстық тергеу жүріп жатыр.

«Кезекші болған дәрігердің инфекционист мамандығы болмағаны анықталды. Ол педиатр. Жұқпалы аурулар ауруханасында инфекционист мамандарының жетіспеушілігінен жұмысты үзіліссіз жүргізу үшін кезекшілікке педиатр маманы тағайындалған», - дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ольга Смирнова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер