BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

"Кәмелетке толмаған балаға зорлық жасады" деген күдікті 2 айға қамалды

Шымкентте "11 жастағы баланы зорлады" деген күдікке ілінген 1985 жылы туған ер адам екі айға қамауға алынды. Бұл туралы шілденің Еңбекші аудандық сотының судьясы Данияр Мадемаров мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Судьяның айтуынша, кәмелетке толмаған балаға зорлық жасады деген күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") іс қозғалып, екі айға қамауға алу туралы санкция берілген. Сот жабық өткен" - деп жазады Азаттық.

Шілденің 2-сі күні Түркістан облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) 1 шілдеде әлеуметтік желіде таралған ер адамның "кәмелетке толмаған балаға шабуылдау" видеосы бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған.

Бұдан бұрын Шымкент қалалық әкімінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова Шымкентте 18-ықшам аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде "кәмелетке толмаған балаға зорлық жасады" деген күдіктінің ұсталғанын хабарлаған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер