BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

18-20 мамыр аралығында Астанада триатлоннан өтетін әлем кубогының кезеңіне орай кей көшелерде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың 18-20 мамыры аралығында триатлоннан әлем Кубогы кезеңі өткізілуіне байланысты қоғамдық тәртіпті қадағалап, іс-шараға қатысушылар мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Б. Момышұлы даңғылы бойынша (Тоқпанов көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейін), Сарайшық көшесі (Б. Момышұлы даңғылы М-1 көпір үстімен өтетін), Шалқыма көшесінде (М-1 көпірінен М-2 көпірі арқылы Алиев көшесіне дейін) іс-шара аяқталғанға дейін жол қозғалысы шектеледі.

Іс-шараның өту уақыты:

18 мамыр сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін;

19 мамыры 12.00-ден 18.00-ге дейін;

20 мамыры сағат 09.00-ден сағат 15.00-ге дейін;

Астана қаласының ІІД жүргізушілерге уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жол бағытын алдын ала жоспарлауды ескертеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер