BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Еліміздің солтүстігінде дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін Солтүстік Қазақстан облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазгидрометтің мәліметтері бойынша, 14 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету мен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қолдануды ұсынады» - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздегі жалпы ауа райы болжамын жариялаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер