BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Еліміздегі әрбір бесінші сәби Оңтүстік өңірде дүниеге келеді

Фото: http://pica4u.ru

ҚР Президентінің Жарлығымен халықаралық әйелдер мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы 766 көпбалалы ана алтын мен күмістен алқа тақты. Оның ішінде 167-сі «Алтын алқа», 559-ы «Күміс алқа» иегері атанды. Құрметке бөленген алтын құрсақты аналарымыздың басым көпшілігі Шымкент қаласы мен Мақтаарал, Сарыағаш және Ордабасы аудандарынан болып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстік Қазақстан облысы көп балалы аналар саны бойынша республикада көш бастап тұр. Бүгінде өңірде көп балалы аналар саны 98 600-ден асты. Оның 3 998-і «Батыр аналар», ал 16 361-і «Алтын алқа» белгісінің иегері болса, 42 724-і «Күміс алқа» таққан. Бұдан бөлек, облыста 6 906 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған.

Өңірде ана мен бала өлімі азайып, демографиялық ахуал жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2017 жылы ана өлімінің көрсеткіші 14,4 пайызға төмендесе, нәресте өлімі 3,4 пайызға кеміген.

Айта кетейік, жыл сайын 80 мыңға жуық немесе елдегі әрбір бесінші сәби Оңтүстік өңірінде дүниеге келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер