BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Экологтар өскемендіктерге желсіз күні терезені жауып қоюға кеңес берді

Шығыс Қазақстан облысында ауаға күкірттің еселенген тотығының (диоксид серы) қалдықтары көп бөлінгені анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ustinka.kz порталына сілтеме жасап.

Өткен жұма күні Өскемен қаласының тұрғындары өздерін әлсіз сезінген. Олар ауа сапасының төмендеп кеткеніне наразылық білдірген.

РАИСПЭМ датчиктер жүйесінің мәліметіне сәйкес, өңірде күкірттің еселенген тотығының (диоксид серы) қалдықтары шамадан тыс артық бөлінген.

«Бүгін жел жоқ. Бұл қала үшін жақсы емес. Осы ауданда тұратын тұрғындар терезелерін жауып, көшеге көп шықпауы қажет», - деді экологиялық қауіпсіздік орталығының техникалық директоры Валентина Саватеева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер