BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Екібастұзда бесінші қабаттан құлаған қыздар өз-өзіне қол жұмсаған

Екібастұз қаласында бесінші қабаттан құлаған 15 жасар қыздар өз-өзіне қол жұмсаған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлады.

«Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша, яғни «Өзіне-өзі өлтіруге қол жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қайғылы жағдайдың жай-жапсары тексеріс барысында анықталады», - дейді департаменттің баспасөз қызметінің маманы Алма Мұсабекова.

Айта кетейік, бұл оқиғадан соң екібастұздық психологтар оқушылар арасындағы тәрбие жұмыстарын күшейтпек. Сонымен қатар, жоғары қабаттан құлаған қыздардың сыныптастары бақылауға алынады.

«Екібастұз қалалық білім беру бөлімі тәрбие жұмыстарын жүргізу барысын тексеру жөнінде бұйрық шығарды. Соымен қатар, мектеп психологтарының жұмысы бақылауға алынады. Бүгін тоғызыншы сынып оқушыларының ата-аналарымен жиын өткізілді», - деп хабарлады сала мамандары.

Еске сала кетсек, бүгін түнде 15 жастағы жасөспірімдер бесінші қабаттан құлап кетті. Олардың бірі ауруханаға жетпей көз жұмса, екіншісі қалалық аурухананы ңжансақтау бөлімінде жатыр. Жергілікті білім беру бөлімі мамандарының хабарлауынша, қос қыз бала Екібастұз қалалық ІІБ кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімінде есеті тұр. Екеуі де толық емес отбасында тәрбие алғаны белгілі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер