BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Екібастұз қаласының бұрынғы әкімін өлтірген қылмыскер бостандыққа шығады

Фото: Автор

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Екібастұз қаласының бұрынғы әкімін өлтірген қылмыскер шартты түрде бостандыққа шығуы мүмкін. Бүгін Павлодар қалалық қылмыстық сотта АП-162/4 түзету мекемесінің сотталушысы Серік Мұхантаевты бостандыққа шығару туралы өтінішті қанағаттандырды.

58 жасар Рамазан Жұматаевты тал түсте автоматтан атып өлтірген Серік Мұхантаевты 13 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Отырысқа сотталушының өзі қатысты. Серік Мұхантаевтың айтуынша, ол боастандыққа шыққан соң отбасына оралып, облыс орталығындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорында жабдықтаушы болып еңбек етпек.

Процесске қатысқан түзету мекемесінің қызметкерлері де сотталушының өтінішіне қолдау білдірді. Колония өкілдерінің айтуынша, Серік Мұхантаев түрмеде жазасын 9 жыл және 4 айлық мерзімде өтеген. Осы уақыт аралығында тәртіпке бағынып, жақсы мінез танытқан.

Ал мемлекеттік айыптаушы тарап бұл пікірмен келіспей, С. Мұхантаев колонияда үш рет тәртіптік жазаға тартылғанын алға тартты.

«Серік Мұхантаевті мерзімінен бұрын шартты түрде босату өтініші қанағаттандырылды. Ол 2018 жылдың 23 қарашасынан бастап босатылады. Сотталушыға 3 жыл 7 ай 18 күнмерзімінде пробациялық бақылау бекітілсін», - деп хабарлады Павлодар қалалық №2 сотының судьясы Жұлдыз Тілегенова.

Айта кетейік, пробациялық бақылау шеңберінде Серік Мұхантаевқа тұрғылықты мекенжайын ауыстаруға, ойын-сауық орындарында болуға, есірткі және ішімдік тұтынуға тыйым салынады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер