BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Екі облыс Түркістанға тарихи-киелі орындардың орталығын салып береді

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Түркістан қаласына алғашқы болып Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов пен Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев келді.

Қала қонақтары облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында болып, «Түркістан облысының тарихи-киелі орындарының орталығы» ғимаратының құрылысы бойынша мәжіліске қатысты.

«Елбасы тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында салынатын нысандарды талқылап, зерделеуге ең алғашқы болып Павлодар мен Батыс Қазақстан облысының өкілдері келіп отыр. Ол үшін Сіздерге және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновке алғысымды білдіремін. Алдымен алаңдағы тарихи ескерткіштердің орналасу тәртібі реттелу керек. Туристерге және қала тұрғындары үшін ыңғайлы болу үшін сауда орындары жұмыс жасап, отбасылық серуендеуге жан-жақты жағдай жасалуы тиіс. Орталықта бой көтеретін кешендердің дәлме-дәл көшірмесінің биіктігі шамамен 3-4 метр болады. Қойылған тапсырманы тиянақты орындау үшін үшжақты келісімге келіп, жол картасын әзірлейміз», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиын барысында өңір басшысы құрылыс жұмыстары биыл басталу керектігін атап өтті. Өз кезегінде қала қонақтары жаңа облыс орталығының көркеюіне барынша қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер