BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Дәретханаға шығып, жоғалып кеткен атыраулық қыз Қызылордадан табылды

Өз үйінде дәретханаға шығып, қайтып келмеген 18 жастағы атыраулық қыз Алина Құрманәлиева Қызылордадан табылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап.

Атырау полицейлері ұялы телефонның сигналы арқылы қызды алып кеткен көлікті анықтады. Олар шұғыл шаралардан кейін 6 күн өткен соң көліктің ізіне түседі. Сөйтсе, көлік Қызылорда облысына бағыт алған.

Екі өңірдің полицейлері бірлесіп әрекет етіп, қызды табады.

«Біздің сіңліміз Алина жоғалғанда бізбен бірге болып, көмек қолын созған, уайымдаған барша жанға алғыс білдіреміз. Жақсы жаңалығым бар – Құрманғазы ауданының полицейлері оны аман-есен тапты», - деп жазды әлеуметтік желіге әпкесі Мира Құрманәлиева.

Туыстарының айтуынша, қыз Қызылорда облысына жігітпен кетіп қалған. Ата-анасы іздеу жариялағанда Алина хабарласып, бәрі жақсы екенін айтқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер