BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Даниал Ахметов су тасқынынан кейінгі жұмыстарға 3,2 млрд теңге сұрады

Бүгінгі Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыста жарияланған төтенше жағдайдан кейінгі өңірдің қазіргі ахуалын баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Барлық жөндеу жұмысы бітті. 508 әйнек салынды. Бұл жұмыстар 10 күн бұрын жасалды. Осы жағдайға байланысты қаржыландыру ұсынысымен комиссия жұмыс істеп жатыр. Бүгін Үкіметке ұсынысымызды тастадық. Шешіледі деген үміттеміз. Тапсырмаларды шешуге бөлінетін қаржыландыру сомасы 3,2 млрд теңге. Қазір тұрғын үйлерді қалпына келтіруге бюджеттен өзіміз 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлдік. 172 үй жөнделді және баспанасы жөндеуге келмейтіндерге 34 үй сатып алдық. Бүгінде 500 үйдің сметалық құжатын жасадық. Аз уақыт ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жоспар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Халық түсіністікпен қарап отыр», - деді ШҚО әкімі.

Ол ШҚО-дағы апатқа байланысты қорға жиналған ақшаның есебін беретінін, барлық жұмысты ашық көрсететінін атап өтті. Сонымен бірге ол су тасқыны болғанда әскер көмектесуі керек деген сарапшы ойына қатысты пікір білдірді.

«Олай деп санамаймын. Әскерге жүктелген функциялар бар, өз істерімен айналысуы тиіс. Премьер-министрдің әртүрлі министрліктерге Төтенше жағдай департаменттерімен бірлесе жұмыс істеу туралы тапсырмасын толықтай дұрыс шешім деп білемін. Әркім өз ісімен айналысуы тиіс», - деді Ахметов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер