BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Бұқтырма су қоймасында өрт шықты

Фото: ашық дереккөзден

Бұқтырма су қоймасындағы саяжай үйінде ауданы 200 шаршы метрден асатын өрт шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО "ӨС ЖӘНЕ АҚЖ" ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрт бүгін күндіз «Икар» саяжай кооперативінде болды және ол екі қабатты үйді алып кетті. Өрт туралы «101» қызметіне хабарланған, алайда осы кезде жақын маңда болған өрт сөндіру катері оқиға орнына бірінші болып келген. Оның артынан өрт сөндірушілерде шықты. Жалпы, өрт толығымен үйді алып кеткен және көрші үйлерге де қауіп төндірген», - делінген ведомство хабарламасында.

Атап өтілгендей, өрт ауыздықталып, толығымен сөндірілді. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт ауданы 210 шаршы метрді құрады. Бүгінде өрттің шығу себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша өртке «электр құралдарын қолдану және монтаждау барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» себеп болуы мүмкін.

«Өртті сөндіруге 4 дана техника және өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 20 адамы, бір катер мен «Бипэк Авто» компаниясының 3 адамы қатысты», - деп түсіндірілген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер