BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Биыл Жамбыл облысында құқық бұзушылық едәуір азайған

Биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін Жамбыл облысында Экономикалық тергеу қызметінің тергеу өндірісінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде 104 қылмыстық іс болған. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми өкілдері мен Жамбыл облысы бойынша МКД-нің Талдау және тәуекелдер басқармасының мамандары айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Шабдардың айтуынша, Экономикалық тергеу қызметі жұмыстарының нәтижесінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда экономикалық құқық бұзушылықтар саны салыстырмалы төмендеген.

Атап айтқанда, тоғыз ай ішінде 30 алаяқтық іс қозғалып, бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету сегізге төмендеген. Қылмыстық істің жетеуі салықтық құқық бұзушылық болса, үшеуі бақылау акциздік маркалары мен акцизделуге жататын тауралардың заңсыз айналымы, акциздерді қолдан жасау болған. Ал есірткі заттарының заңсыз айналымы бойынша үш қылмыстық іс тіркелген. Былтыр ай сайын 87 іс басталса, қазір оның саны 6 есе азайып небарі 15 қана тіркелген.

– Тергеу барысында прокуратура тарапынан қылмыстық істердің мерзімін тоқтауды бұзу оқиғалары азайған. Мысалы, 2016 жылы 56 қылмыстық іс бойынша мерзімдері тоқтауына байланысты шешімдер бұзылса, биылғы жылы осындай істер саны 10 іс қана болып отыр, немесе бұл 5 есеге азайғанын көруге болады. Сонымен қатар қысқарған қылмыстық істердің шешімін бұзу оқиғалары былтырғы 36 істен биыл 13 іске азайды,- дейді Нұрлан Аманкелдіұлы.

Мамандардың айтуынша өңірде қылмыстық істерді аяқтау динамикасында оң өзгерістер болған. 135 қылмыстық істің есебінен 93 іс аяқталған. Оның ішінде сотқа жолданғаны 56 іс, ақтамау негізінде қысқарған қылмыстық іс 37 болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер