BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Биыл Павлодар облысында 8903 сәби дүниеге келген

Фото: vseodetyah.com

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы тоғыз айдың ішінде өңірде туылғандар саны 8903 адамды құрады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Облыстық статистика департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл 2017 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,9%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 15,78 нәрестені құрады.

«АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте халықтың табиғи өсімі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 251 адамға немесе 6,9%-ға төмендеп, 3374 адамға жетті», - дейді департаментте.

Қайтыс болғандар саны – 5529, яғни 0,2%-ға төмен. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,80 қайтыс болғандарды құрады.

1 жасқа дейінгі 48 нәресте өлімі тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 22,6%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. Соның салдарынан 32 нәресте қайтыс болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер