BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Баянауылда демалып жүрген 25 жастағы келіншек күні жетпей босанып қалды

Баянауылда демалып жүрген Қарағанды облысының тұрғыны мерзімінен бұрын босанып қалды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі

Көрші облыс тұрғыны Жаңылай Ережепова Баянауыл өңірінде достарымен демалып жүрген.

Облыстық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы өкілдерінің мәліметінше, жас әйел жүктілігінің 35-ші аптасында екінші баласын дүниеге әкелді.

«Азаматша Баянауыл аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Ал бөбек санитарлық авиация көмегімен өңірдегі перинаталдық орталыққа жеткізілді. Сәбидің құтқару мақсатында тыным таппай еңбек еткен дәрігерлер бригадасының құрамында неанатолог-маман болды», - деп хабарлады станция мамандары.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, ана мен сәбидің жағдайы жақсы.

«Балақайдың салмағы - 1600 келі. Анасына «ұрықжолдасының ажырауы» деген диагноз қойылды. Қазіргі таңда екеуінің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, демалыс және мереке күндері облыстық жедел медициналық қызмет көрсету станциясының бригадаларына 2 мыңнан астам шақырту түскен. Санитарлық авиация қызметіне де сұраныс артты. Жыл басынан бері әуе көлігі ауыр халдегі пациенттерді жеткізу бойынша 77 рет ұшқан.

Фото автордікі

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер