BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Батыс Қазақстанда депутаттар арнайы мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысымен танысты

Бүгін Мәжіліс депутаттары Евгений Козлов, Глеб Щегельский, Сергей Симонов және Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысына барып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың 31 мамырында ашылған ХҚКО күніне шамамен 500-600 тұрғынға қызмет көрсетіп, айына 8 мыңға жуық өтініштерді қабылдайды.

Осы ретте, Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева орталықтың жұмысына жоғары бағасын беріп:

«Парламенттің кезекті сессиясының қорытындылары бойынша біздер тұрғындармен Парламент жұмысымен және де Мемлекет басшысының бастамаларының қалайша жүзеге асырылып жатқандығын жеткізу мақсатында кездесулер өткізудеміз. Осы жұмыс аясында бүгін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын аралап шықтық. Аталмыш орталықтың жұмысы көңілден шықты. Бұл Қазақстанда ең жаңа әрі халыққа қызмет көрсету орталықтардың үздігі деп айтуға болады. Іші өте кең, халыққа барлық жағдай жасалған, қызмет көрсетудің барлық түрлері бар, соның ішінде, электрондық қызмет барлық жерде көрсетіліп стандарттарға сай жұмыс істеуде», – деді.

Депутаттар кездесу барысында Парламенттің заң шығарушылық жұмысымен және Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылу барысы туралы айтып, арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына оң бағасын берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер