BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Аягөзде зардап шеккендерге Даниал Ахметов бір айлық еңбекақысын аударды

Фото: total.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында 189 үйді топан су алып, оның 8-і құлаған. Қазіргі уақытта судың арыны басылып тұрғындар үйлеріне оралды. Табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге көмек ретінде облыстық Парыз қорынан 50 млн теңге аударылды. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен баспасөз маслихатында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстанда ауа –райының күрт жылуы және толассыз жауған жауын-шашыннан 229 үйді су басты. Ең көп зардап шеккен өңір Аягөз ауданы болып отыр.

«Ең қиын жағдай Аягөзде болған. Біз бұл мәселені шеше алдық. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың көпшілігі өз үйлеріне оралды. Қазір 73 адам мектеп-интернатта жатыр. Оларға жер-жерден гуманитарлық көмек келуде. Ауданда зардап шеккендерге көмек беру мақсатында «Аягөз-Болашақ» қоры жұмыс істеп тұр. Бүгін таңертең сол қордың есеп шотына өзімнің бір айлық еңбекақымды аудардым»,-деді Даниал Ахметов.

Ал, облыстық «Парыз» қорынан 50 млн теңге жіберілген. Аймақтың дін өкілдері де алғашқылардың бірі болып, жылу жинауға кіріскенін айта кету керек. Облыстық мешіттің ұйытқы болуымен «Шығыс асары» акциясы ұйымдастырылған. Акция аясында облыстың кез-келген тұрғыны алғашқы қажеттілік заттары мен азық-түлікті мешіттерде ашылған пунктерге өткізе алады.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» жастар қанаты гуманитарлық көмек қабылдау пунктерін ашқан. Ал қоғамдық белсенділер мен кәсіподақ өкілдері республика көлемінде «Тасқын-2018» акциясын қолға алып, 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинаған.

Аймақ басшысы, табиғат апаты салдарынан баспанасынан айырылған ешбір отбасы далада қалмайтынын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер