BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Аягөзде су тасқынынан қаза болғандар жоқ – әкімдік

Су басқан аумақтардан 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше оқиға салдарынан қаза болғандар жоқ, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, 2018 жылдың 11 наурызында Аягөз ауданы әкімінің «№1-47-ө» өкімімен Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды.

«3 автокөлікті, 5 жаяу жүргінші өткелін, 20-ға жуық тұрғын үйді еріген қар мен жауын-шашын суы басып қалды. Қазіргі таңда су басқан аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп, 400 адам, оның ішінде – 30 бала Аягөз қаласының қазақ мектеп лицейіне, №6 орта мектеп интернатына және туыстарына орналастырылды», - делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

Аягөз әкімдігі қазіргі таңда оқиға орнында 200-ден астам адам жұмыс істеп жатқанын атап өтіп, су тасқыны салдарынан ешкімнің қаза таппағанын мәлімдеді.

«Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдай бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, ауданның коммуналдық мекемелерінің қызметкерлері және тұрғындар арасынан еріктілерді қоса алғанда 200-ден астам адам, әрі су тасқыны салдарымен күресуге 11 арнайы техника, 20 автокөлік, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Зардап шеккендерге аудандық медицина қызметкерлері алғашқы медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Су тасқыны салдарынан қаза болғандар жоқ», - дейді әкімдік қызметкерлері.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер