BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Атыраулықтар Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді

Атыраулықтар Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасымен ШҚО-да су деңгейінің көтерілуінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинайтын штаб ашылды. Аймақтағы мемлекеттік қызметшілер де бастамаға үн қосып, зардап шеккендерге қаржылай көмек аударуға ниет білдіріп отыр», - деп мәлім етті Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Роллан Құспанның айтуынша, дүйсенбі, 12 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау үшін жастар ресурстық орталығы базасында штаб ашылған.

«Бұл бастаманы барлық жастар ұйымдары қызу қолдады. Гуманитарлық көмек 19 наурызға дейін жиналады. Содан кейін Шығыс Қазақстан облысына жөнелтеміз. Біздің еріктілеріміз де су тасқыны болған жерлерге барып, қолдарынан келетін көмектерін көрсетуге ниетті», - дейді Роллан Құспан.

Сондай-ақ, Атырау облысы әкімі аппараты мен басқармалар су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек жинап жатыр. Мемлекеттік қызметшілердің бір күндік еңбекақылары арнайы есепшот ашылғаннан кейін су тасқынынан зардап шеккендердің есепшоттарына аударылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер