BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Атырауда сәбиді перзентханадан шығару салтанаты жұртты таңғалдырды

Әлеуметтік желіде Атырауда сәбиді перзентханадан шығару салтанаты түсірілген ерекше видео тарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан шілдехана тойының перзентхана табалдырығынан дүркіреп басталғанын көруге болады. Сондай-ақ, мекеменің ауласына дастархан жайылып, арнайы әртістер де шақырылған.

Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір жазуда. Олардың бір тобы той иелерін қуанышымен құттықтаса, қалғандары осынша ысырапшылықтың не керегі бар екенін айтуда.

Еске сала кетейік, қаңтар айының ортасында Шымкенттегі тойда салмағы 1,5 тонна болған торт жұртты таңғалдырған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер