BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Атырауда полицейлер студент қызды құтқарып қалды

Атырауда өзіне қол жұмсамақ болған студент қызды жол-патрульдік полициясы құтқарып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық көпірден секіріп кетпек болған 17 жастағы колледж студентін жол-патрульдік полиция қызметкерлері Талғат Өтемұратов пен Ринат Ақбалин құтқарып қалған.

8 қараша күні түскі сағат он екілер шамасында көпірден Жайық өзеніне секіріп кетпек болған қызды полиция қызметкерлері көріп, көпірден түсіріп алып, қалалық ішкі істер бөліміне алып келеді.

«Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабына сәйкес («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу амалдары басталды», - деді ІІД баспасөз қызметінде.

Қыздың айтуынша, оның құрдастары өзіне өзі қол салу деңгейіне дейін жеткізген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері студенттің ұстаздары мен бірге оқитын курстастарынан жауап алуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер