BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Атырауда әлеуметтік мекемелерге 5 мың ағаш отырғызылады

Бұл тапсырманы қала әкімі аппараттың кезекті жиынында тапсырды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлы кезекті аппарат жиналысы кезінде ТКШ бөліміне әлеуметтік мекемелерге ағаш отырғызуды және көгалдандыруды тапсырды.

"Биыл күзде мектептердің, ауруханалардың, балабақшалардың және басқа да мекемелердің айналасына 5 мың ағаш отырғызылады және оларға тиісті күтім жасалады. Сондай-ақ,тжаңадан салынған нысандардың айналасын да көгалдандыру қажет", - деп тапсырды қала әкімі ТКШ бөлімінің басшысына.

Сонымен қатар, облыс орталығында көшелерді қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмыс жасайтын мердігер мекемеге әрбір құлаған ағаш орнына 5 жасыл желекті отырғызуға тапсырма берілді.

"Атырауда 15 қыркүйекте қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық жоба басталды. Мен қала тұрғындарын, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың басшыларын қоршаған ортаны тазалауға, сондай-ақ облыс орталығын көгалдандыруға белсене қатысуға шақырамын",- деді қала тұрғындарына Әлимухаммед Құттұмұрат-ұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер