BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Атырауда жаз мезгілінде жастарды жұмыспен қамту үшін 140 млн теңге бөлінеді

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда жаз мезгілінде жастарды жұмыспен қамту үшін 140 млн теңге бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық жастар саясаты мәселесі бойынша басқарма бастығы Роллан Куспанға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өткен жылы уақытты тиімді өткізуге және табыс табуға 2 мың студент, сонымен қатар жұмыссыз жастар қызығушылық танытты. Аталған бағытта «Жасыл ел», «Құрылыс», «Агро», «Археология» сынды жобалар жүзеге асырылды. Жастар өздері таңдаған салада жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Ал, алдағы жаз маусымында ай сайын әр студент 61 мың теңге жалақымен және жұмыс формасымен қамтылады.

«Ағымдағы жылы жастарды жазғы демалыс уақытында жұмыспен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 101 млн теңге, республикалық бюджеттен 39 млн теңге бөлу қарастырылған», - деді Р.Куспан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер