Атырау-Астрахань тас жолын күрделі жөндеуден өткізу кейінге қалдырылды - Аймақ|06 Тамыз 2018, 14:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Атырау-Астрахань тас жолын күрделі жөндеуден өткізу кейінге қалдырылды

Фото: ашық дереккөзден

Ұзындығы 277 шақырым Атырау-Астрахань тас жолын ағымдағы жылдың шілде айынан бастап күрделі жөндеуден өткізу кейінге шегерілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Соңғы 1,5 жыл бойы Ислам даму банкінен займ алу туралы келіссөздер жүргізілген болатын. Алайда орта келісімге келу мүмкін болмады», - деді Қр ИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сатжан Аблалиев.

Оның айтуынша, осыған қарамастан республикалық бюджеттен РФ-ға қарай апаратын 60 км жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін қаржы бөлінді.

«Қазавтожол» автомобиль жолдарын барқару бойынша ұлттық оператор – тендер жариялады, жеңімпаз ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында жұмысқа кірісуге міндетті болады. Қалған 217 км жолға келетін болсақ, бүгінде ол бойынша Еурапалық қайта құру және даму банкімен келіссөздер жүргізілуде. Еуропалық банк – Қазақстанның стратегиялық серіктесі және біздің олармен көптеген келісімдеріміз бар», - деп түйіндеді С.Аблалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Астраханьға апаратын жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін 328 млн доллар керек болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер