BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Атырау тұрғыны қоқыс жәшігі жанынан сәбиді қалай тауып алғанын айтып берді

Бес ұлдың әкесі қоқыстың жанынан жаңа туған нәрестені қалай тауып алғанын айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам әдетінше кешкі астан кейін далаға темекі тартуға шығады. Сағат түнгі 23:00 болатын. Оның қасына бірнеше бала жүгіріп келіп, қоқыс жәшігінің жанында мысықтың мияулаған дыбысы шығып жатқанын айтады.

«Мен қоқыс жәшігінің жанына жақындап келіп, тыңдадым, балалар айтқандай мысық емес екенін бірден білдім. Қарасам, бала жылап жатыр екен. Телефонымның жарығын жағып, анықтап қарай бастадым. Қара қоқыс шығаратын мөшекте бала жатқанын анық көрдім. Сәбиді алып шықсам, қан-қан болып жатыр, тіпті кіндігі де кесілмеген. Мен бірден сәбиді күртеме орап алып, үйге алып келдім. Тоңып қалған екен, бауырыңа бас деп сәбиді әйеліме бердім», - дейді ер адам.

Кейін ол 102 хабарласып, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер нәрестені қарап, кіндігін кескен. Кейін олар сәбиді ауруханаға алып кетеді.

«Бүгін сәбидің жағдайын білу үшін ауруханаға арнайы келдік. Балаға қажетті сүт, жөргектер сатып алдық. Қолымызға алып біраз отырдық, ол бізді танығандай болды», - дейді ол.

Отбасы 5 бала өсіріп отыр. Үлкен ұлы колледжде оқыса, ортаншысы Алматыдағы спорт мектебінде оқиды, енді екеуі 37 мектепте білім алады. Ең кішісі 9 айлық. Отағасы болса 1993 жылдан бастап мұнай компаниясында оператор болып қызмет етеді. Нұрсая шағынауданына 2013 жылы Мақат ауданы Байшонас ауылынан көшіп келген екен.

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда қоқыс жәшігі жанынан жаңа туған сәби табылғаны туралы жазған едік.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер