BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Атырау облысында адасып кеткен аңшы табылды

2018 жылғы 5 қазанда сағат 16:00 шамасында 5 адам Атырау облысының Жылыой ауданына КТК-К трассасынан 153 км қашықтықта орналасқан «Охотничьи угодья» базасына аң аулау үшін барған. 6 қазанда аңшылар таңертеңгі уақытта арнайы техникамен аң аулауға шыққан. Аң аулап жүрген кездерінде олар абайсызда каналга батып, аман-есен шығады, алайда техникалары каналға батқан күйі қалып қояды. Бәрі лагерьге дейін жаяу жүреді. Жарты жолда бесеуі бес жаққа тартып, әр түрлі бағытпен жол жүріп, бір-бірінен адасып қалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Лагерьге бір аңшы (азамат К.А. 1962 г/р) келмей қалады.

Достары ысқырып, ауаға мылтықпен оқ атқан, бірақ тыныштықтан басқа ешқандай жауап ести алмаған. Таң атқанша күтеді. Ол мекенде байланыс мүлдем жоқ, аңшылар не болса да қалаға жетіп алуды жөн санайды. Қалаға жеткен бойда құтқарушылардың көмегіне жүгінеді.

ҚР ІІМ ТЖК «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушыларына қоңырау 2018 жылғы 8 қазанда сағат 05:30 шамасында түседі. Құтқарушылар Мурзагалиев Азамат, Дуйсенгалиев Бауыржан, Сарсенгалиев Турар және құтқарушы-ит ГРОМ жедел түрде іздестіру-құтқару жұмыстарына шығады.

Аңшыны ТРЭКОЛ арнайы автокөлігімен іздестіреді. Құтқарушылар 100 шақырымдай жүреді. Аң аулаушыны 11:20 да тауып алады. Оның жағдайы жақсы болғандықтан, медициналық көмек қажет болмады.

«Базаға (лагерьге) келе жатқан жолда мен қалған достарымнан қалып қойдым. Екі тәуліктей қамыстардың ортасында жүруге тура келді. 8 қазанда мені ҚР ІІМ ТЖК «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» құтқарушылары құтқарып алды. Құтқарушыларға алғысым шексіз», - деп алғысын білдірді екі күн бойы адасып жүрген азамат.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер