BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Атырау облысында 3 бала суға батып кетті

Атырау өңірінде 3 бала суға батып өлді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Суға шомылу маусымы басталар алдында Атырау облысындағы су қоймаларында кәмелеттік жасқа толмаған 3 бала суға батып кеткен.

Бірінші қайғылы оқиға 29 сәуір күні Еділ өзенінің бойындағы Ширина кентінде 10 жастағы бала абайсызда пирстан құлап кетіп, суға батқан.

Ал 2 мамыр күні Еділ өзенінің бойындағы Талғайран кентінен 5 шақырым жерде 16 жастағы жасөспірім балық аулап жүріп, суға кеткен.

Ал 13-мамыр күні Құлсары қаласындағы Жем өзенінде 11-сынып оқушысы суға батып өлген. Ол тыйым салынған жерде шомылған.

«Статистикалық деректерге сүйенсек, балалар суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Салдарынан суға кетеді. Атырау облысының Төтенше жағдайлар депатарменті азаматтарды суға шомылған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Бұл қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектеседі», - дейді құтқарушылар ата-аналарға.

Айта кетейік, өткен жылы Атырау облысында 20 адам суға батып кеткен. Оның ішінде 9-ы бала.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер