BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астаналықтар су тасқынынан зардап шеккен аягөздіктерге көмектеседі

Бастамашы топ елордалықтарды су тасқынынан зардап шеккен ШҚО-ның ауыл-аймақтарына көмек қолын созуға шақырады. Көмекке киім-кешек, азық-түлік және қаржылай көмек қабылданады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, 10 наурыз күні қар суы мен жауын-шашын салдарынан Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданын су басты. Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде Аягөз, Үржар, Күршім, Ұлан, Глубокое, Зайсан аудандары су құрсауында қалып, тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Осыған орай, Астанада тұратын шығысқазақстандықтар бастама көтеріп, үй-жайлары су астында қалған жерлестеріне көмек жинауда.

«Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, бүгінге Аягөздің өзінде 400-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өзім сол елдің тумасымын. Кешеден бері ел болып көмек жинап, қызыл судан зардап шеккен ауылдарға жөнелтуді жөн көрдік. Тек жерлестер ғана емес, кез келген елордалықтар қатыса алады. Ақшалай көмекпен бірге азақ-түлік, киім-кешектер қабылданады», - деді Елорда инфо тілшісіне бастамашыл топтың мүшесі Медет Шаменов.

Оның айтуынша, қазір жиналған заттар мен азық-түліктерді елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

«Бұл бастаманы қолға алғанымызға бір-ақ күн болды. Қазірдің өзінде қала тұрғындары хабарласып, көмекті қалай көрсетсек деп сұрап жатыр. Әзірге арнайы есепшот жоқ. Аударылған ақшаның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында шот ашсақ па деп отырмыз. Сондай-ақ, ШҚО-ның әкімдігі келісеміз. Жиналған заттарды елге жеткізіп беру үшін көлік жалдаймыз деп отырмыз», - деді ол.

Су басқан Шығыс Қазақстан облысына көмек көрсетемін деген астаналықтар 8701 400 5026 нөмірі бойынша Медет Шаменовке хабарласа алады.

Қоса кетелік, осы жағдайға байланысты Аягөз ауданының әкімшілігі, аудандық «Нұр Отан» партиясы және аудандық мәслихаты үндеу жариялап, зардап шеккендердің отбасыларына қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы есепшот ашылғанын хабарлады.

«Жұмыс тобы құрылып, арнайы комиссия қызметін бастап та кетті. Қандай жағдай болса да қиындыққа душар болған адамға көмек беру – азаматтық парыз деп есептеледі. Сол себепті мүмкіндігімізше отандастарымызды желеп-жебеу мақсатында табиғаттың дүлей апатынан зардап шеккендерге материалдық және моральдық көмек беруге шақырамыз. Сондай-ақ, басқа да өңірлердің қайырымды атымтай азаматтары, кәсіпкерлер, еліміздің түкпір-түкпірлерінде жүрген Аягөздіктер игілікті іске өз үлестеріңізді қосамыз десеңіздер шексіз ризашылық білдіреміз. Апатты жағдайға тап болған жерлестеріміздің тағдырына бей-жай қарамай қолдан келер көмек қолын созады деген үміттеміз. Шоттың реквизиттері:

ОФ “Аягөз Болашақ”

БИН 110740000641

БИК KZKOKZKX

КБЕ 18

Ағымдағы есеп шот KZ279260301178000004 KZT “Казкоммерцбанк” АҚ бөлімшесі», - делінген үндеуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер