BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Астанадағы ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккендер көмек сұрауда – Жүргенбаева

Бүгін Астана қаласы аумағы бойынша жарияланған төтенше жағдай режимі тоқтатылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Кеше табиғаттың қолайсыз ауа райы салдарынан елордада, мектеп оқушылары мен колледждердің 1 және 2-курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды. Боранды күнде, Астанада 26 тұрғын үйдің шатырлары мен қабырғалары, құрылыс материалдарының құлауына байланысты төтенше жағдай режимі іске қосылған. Соның ішінде Алматы ауданында 4, Сарыарқа ауданында 8, Есіл ауданында 14 тұрғын үй жапа шегіп отыр.

«Бүгінгі таңда көлік инфрақұрылымның бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Десек те, мұндай табиғаттың қолайсыз жағдайларынан елордалықтар жақсы емтихан алды десек, артық болмас. Ауа райының күрт бұзылғанына қарамастан, біртекті жұмысты атқарып, соңғы екі күн ішінде қаладан 82 мың шаршы метр қар шығарылды. Көше тазалауға 4 мың жұмысшы мен 2600 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер тәулік бойы, күшейтілген режимде жұмыс істеуде», - деді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Оның айтуынша, алдын алу шараларының арқасында боран аса ауыр шығындарға алып келген жоқ.

«Алгоритм бойынша, төтенше жағдайлардан зардап шеккен халық әкімдікке хат жазуда. Ал әкімшілік жағынан қандай көмек болатынын, арнайы коммиссиядан кейін барша жұртқа хабардар етеміз», - дейді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Дайындаған: Мәди МҰХАМЕДҚАЛИ

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер