BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Астанадағы аквапаркке 6 мың бала тегін барады

Астанада тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1 500 бала жабық аквапаркте болып қайтты. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімдігі мен «Ailand» отбасылық демалыс орталығы арасындағы келісімге сәйкес аквапаркке барлығы 6 мың бала тегін барады. Жыл соңына дейін тағы да 4,5 мың бала аквапаркте болады. Бұл - оқу озаттары, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар.

Естеріңізге салайық, балалар мен ересектерге арналған жасанды су қоймасы биыл жазда пайдалануға берілген еді. Ғимараттың жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метрді құрайды. Ойын-сауық кешенінде аттракциондар, моншалар, демалыс және тамақтану орындары бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер