BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Астанадағы ақтүтек боранның көріністері

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астанада ақтүтек боран ғимараттардың маңдайшаларын жұлып, тұрғындарды әбігерге салды. Елорда көшелеріндегі ақтүтек боранның көріністерін біздің фототілшіміз де түсіріп қайтты. Baq.kz ақпарат агенттігі cуреттерді назарларыңызға ұсынады.

Қаңтарда қыс қаһарына мінді. Таңертеңнен бастап әлеуметтік желі қолданушылары даладағы боранның суреттері мен видеоларын жариялады.

Айта кетейік, бүгін табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді.

Еске сала кетейік, «Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, 11 қаңтарда атмосфералық ағындарға байланысты ел аумағының басым бөлігінде қар жауады, тұман, көктайғақ, желмен бірге бұрқасын болады.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада екінші ауысымдағы оқушылар үшін де сабақ болмады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер