BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Астанада суретке жалаңаш түскен туристерге айыппұл салынды

Фото: @eto_astana_detka

Астанадағы EXPO-2017 автотұрағының қасындағы «I love Astana» жазуының қасында жартылай жалаңаш суретке түскен Чехиядан келген туристер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі туристерге айыппұл салынғанын растады.

«10 қараша күні Астана полицейлері EXPO-2017 автотұрағының қасындағы «I love Astana» жазуының қасында суретке түскен 6 ер адамды ұстады. Чехия азаматтары қоғамдық орында жартылай жалаңаш суретке түсіп жүрген кезде көзге түскен. Оларға қатысты ҚР ӘқбтК 434 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотына шешім шығару үшін жолданған болатын», - дейді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілі София Қылышбекова.

Сот әкімшілік құқық бұзған әр азаматқа 10 АЕК көлемінде айыппұл салған. Олар айыппұлдарын төлеп, Қазақстан аумағынан 12 қараша күні қайтып кеткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер