BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Астанада үш күнде көлікті мас күйінде жүргізген 35 адам ұсталды

Фото: Patrul.kz

Астана қаласында 11-14 мамыр аралығында «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Рейд барысында көлік құралын мас күйде жүргізген 35 азамат анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Үш күндік жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу барысында тәртіп сақшылары 600-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде көлік құралын мас күйде жүргізген 35 азамат анықталып, іс материалдары Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері көлік құралын мас күйде жүргізген 500-ден астам азамат анықталды және аталған заңды бұзған азаматтар ҚР ӘҚБтК 608-бабына сәйкес үш немесе алты жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылады.

«Жол-көлік оқиғаларына сәйкес сараптама бойынша көптеп таралатын көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілер өтпелін кесіп өту ережелерін бұзуы. Көбіне осындай құқық бұзушылар Қабанбай батыр даңғылындағы №10 үйге қарама-қарсы бекетінде кездеседі. Келесі авариялық-қауіпті учаскесі - Сарайшық М-1 көпірі. Осы учаскеде қарама-қарсы жол қозғалыс жолағына шығу барысында жылдамдық режимін бұзу болып табылады. Бұдан әрі Бөгенбай батыр және Жеңіс даңғылдарының қиылысы, осы жолдарда жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғаларының болу себептері көптеп кездеседі. Ол жол қиылысының кептелуімен байланысты болады», - делінген Астана қаласы ІІД хабарламасында.

Сонымен қатар, «Сергек» фото-видеофиксация жүйесі жол–көлік оқиғаларын төмендетуге көптеп көмегін тигізді. Сондай-ақ, жүргізушілер арасында көлік тәртібін сақтау жоғарылады. Ағымдағы жылдың басынан бері 4 ай ішінде қаза тапқандардың саны 10 пайызға төмендеді. Зардап шеккендердің саны 13 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, ЖКО көптен таралған түрлері - жолдардағы қақтығыс 11 пайызға, жаяу жүргіншіні қағып кету бойынша 3 пайызға төмендеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер