BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астанада дәрігердің қателігінен әйелдің омырауын алып тастаған

Астанада дәрігерлер емделушіге қате диагноз қойып, омырауын алып тастаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астанадағы емханалардың бірінде Е. есімді азамат маммолог-дәрігердің тексерілуінен өткен. Дәрігерлердің салғырттығынан әйелге қате диагноз қойылып, оның оң жақ омырауына ота жасалады. Бірақ, отадан кейін оның оң жақ омырауындағы ісік қатерсіз екені анықталған», - деп жазылған қалалық соттың баспасөз хабарламасында.

Осыған байланысты Астана қаласының Есіл аудандық соты емделушінің пайдасына емханадан моральдық және материалдық шығын өндірді.

«Азамат Е. омырауын алдыртқаннан кейін моральдық және материалдық тұрғыда зардап шеккеніне байланысты Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот коллегиясы моральдық шығынның көлемін көбейтті», - делінген хабарламада.

Шешім заңды күшіне енді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер