BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.75 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астанада банкомат маңында қарттарды тонап жүрген ұры әйелдер ұсталды

Астанада қарттарды алдап-сулап, олардың қалталарын қаққан екі күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында қалта ұрлықтарын жасаумен айналысқан 58 жастағы және 19 жастағы екі әйелді ұстады.

«Олардың елорда аумағындағы бірқатар ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Аталған қылмыстан зардап шеккендердің басым бөлігі Қазпошта бөлімшелерінде, банкоматтарда, үйдің кіреберістері мен лифтілерде кездескен қарт адамдар болған. Олар бірлесіп әрекет еткен, біреуі сұрақтармен назарын аудартса, басқалары сол уақытта ұрлықпен айналысқан. Сондай-ақ, сауда орталықтарына келушілердің мұқиятсыздығын пайдалана отырып, ақшасы бар әмияндарын, ұялы телефондарын және құнды заттарын ұрлаған», - дейді Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қаласы ІІД УҰИ орналастырылды. ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Олардың қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті төмендегі суреттегі тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Бейбітшілік көшесі 19 мекенжайында орналасқан Астана қаласы ІІД-ге жүгінуіне немесе 8 (7172) 71-61-71 телефонына, 8 775 188 88 70 ұялы телефонына хабарласуын сұрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер