Астана маңындағы трассалардан 96 адам құтқарылды, оның 9-ы бала - Аймақ|11 Қаңтар 2018, 19:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Астана маңындағы трассалардан 96 адам құтқарылды, оның 9-ы бала

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Астана маңындағы жолдар мен айналма трассалардан 96 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Апаттық-құтқару жұмыстарына Департамент жеке құрамының 200-ден астам адам және жол талғамайтын 43 техника, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметінің 1888 жұмысшысы және 1345 техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда қаланың периметрі бойынша айналма жолда өтіміділігі жоғары көлік құралдарымен патрульдеу жүргізілуде. «112» телефон нөміріне көмек көрсету қажеттілігі бойынша 3673 қоңырау мен 1250 хабарлама түсті» - делінген Астана қаласының ТЖД таратқан хабарламасында.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына және мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады.

Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер