BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Әсет Исекешев Астанадағы экологиялық ахуал туралы айтты

Бүгін Астана қаласының әкімдігінде «Астана қаласының төмен көміртекті дамуға өту перспективасы мен механизмі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған іс-шара қалаларды декарбонизациялаудың халықаралық тиімді тәжірибесін талқылау және елордада төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеу бойынша ұсыныстарды дайындау мақсатында өткізілді.

Әкім Әсет Исекешев климаттық әсерлер халықтың денсаулығына ғана емес, сондай-ақ бүкіл мегаполистің қалыпты тіршілігіне зиянын тигізетін теріс фактор болып отырғанын атап өтті.

«Елордамыздың көркеюінің тағы бір факторы, ол әрине қаламыздың тазалығы. Яғни, ағымдағы жылы қалада ұзақ мерзімді перспективаға арналған парниктік газдардың шығарындылары мен қалдықтарын төмендету бойынша стратегиялық шараларды әзірлеу керек», - деді Әсет Исекешев.

Сондай-ақ, іс-шара барысында «жасыл» экономика мен төмен көміртекті даму саласындағы әлеуетті дамыту, қоршаған орта саласында және Астана қаласының экологиялық қауіпсіздігі бойынша бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу жөніндегі ынтымақтастық туралы әкім, үш жақты меморандумға қол қойды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер